Көмек көрсету кәсіптің де, жүректің де бір бөлігіне айналғанда

Көмек көрсету кәсіптің де, жүректің де бір бөлігіне айналғанда

Кейде «өмірді құтқару» деген сөз тым асқақ әрі алыстағы ұғымдай көрінеді. Алайда Шығыс
Қазақстан көпбейінді онкология және хирургия орталығының қызметкерлері үшін бұл – күнделікті
өмірдің ажырамас бөлігі.
Мұнда дәрігерлер мен медбикелер күн сайын пациенттерге ауыр дерттермен күресуге, күрделі
емдеу курстарынан өтуге және үміттерін жоғалтпауға көмектеседі. Көптеген пациенттер үшін,
әсіресе химиотерапия кезінде және хирургиялық операциялардан кейін, қан компоненттері емнің
және сауығу үдерісінің маңызды бөлігіне айналады.
Сондықтан онкология орталығының қызметкерлері өздері де тұрақты түрде қан доноры
болады. Олар ем қабылдап жатқан жандар үшін донор қанының қаншалықты қажет екенін жақсы
түсінеді. Әрбір қан дозасының артында нақты адам – оның өмірі, отбасы, болашаққа құрған
жоспарлары мен сауығып кетуге деген үміті тұрғанын біледі.
21 қазанда Шығыс Қазақстан көпбейінді онкология және хирургия орталығында кезекті Донор
күні өтті. Медицина қызметкерлеріне қаламыздың бейжай қарамайтын, игі іске үлес қосуға ниетті
тұрғындары да қосылды.
Біреулер үшін бұл бар болғаны бірнеше минут уақыт. Ал басқа бір адам үшін қажетті көмекті
алып, емін жалғастыруға берілген мүмкіндік.
Күн сайын өздерінің кәсіби білімі мен медициналық көмегі арқылы пацненттерге қолдау
көрсететін жандардың өздері де қан тапсыруға келуі ерекше қуантады. Бұл жай ғана ізгі іс емес,
жауапкершіліктін, адамгершіліктің және өзгелерге деген қамқорлықтың нағыз үлгісі.
Қатысқаны, жанашырлығы және қолдауға аса мұқтаж жандарға көмектесуге әрдайым дайын
болғаны үшін әрбір донорға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Донорлық – сенің көмегің біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлайтын сәт.

 

Донорлық және спорт: Егер сіз жаттығып жүрген болсаңыз, қан тапсыра аласыз ба?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33