МАҢЫЗДЫ! 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап донорларға төленетін төлем мөлшері 1 100 теңгені құрайды.

МАҢЫЗДЫ! 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап донорларға төленетін төлем мөлшері 1 100 теңгені құрайды.

 

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Сіздерге 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «ШҚО халқының арасында қан мен оның компоненттерін өтеусіз донорлыққа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының іске асырылуы аяқталатынын хабарлаймыз.
Жобаның аяқталуына байланысты донорларға берілетін қосымша материалдық ынталандыру тоқтатылады. Осы күннен бастап қанды және оның компоненттерін, оның ішінде тромбоциттерді өтеусіз тапсырғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы мөлшері 1 100 теңгені (0,25 АЕК) құрайды. Төлем Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоба жүзеге асырылған кезеңде Шығыс Қазақстанның донорлары адам өмірін сақтап қалуға қосқан баға жетпес үлесі үшін қосымша қолдауға ие болды. Осы бастаманы қолдап, өз үлестеріңізді қосу арқылы өңірімізде өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға атсалысқан әрбір жанға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіз адам өмірін сақтап қалуға зор үлес қосуда!
Төлем мөлшерінің өзгеруіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Жобаның аяқталуы донорлық қанға деген қажеттіліктің тоқтайтынын білдірмейді.
Әрбір қан тапсырудың артында қан құюды қажет ететін адамдардың тағдыры тұр. Олар – күрделі операциялардан кейінгі науқастар, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер, босану кезінде қанға мұқтаж әйелдер, балалар және онкологиялық аурулардан емделіп жатқан пациенттер.
Өңірдегі медициналық ұйымдар қан компоненттеріне күн сайын мұқтаж, ал бұл қажеттілік өтемақы мөлшеріне байланысты емес. Науқастар көмек күтуде, сондықтан донорлық қозғалыс өз жалғасын табуы тиіс!
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, Сіздерді донорлық қозғалысқа қатысуды жалғастыруға шақырамыз. Қан тапсыруға басты ынталандырушы күш – сіздің донорлығыңыз біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлап, адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізуі мүмкін екенін сезіну болсын!
Донорлық – ақша үшін жасалатын әрекет емес. Бұл – адамгершілік, мейірімділік және көмекке мұқтаж жанға қол ұшын беруге деген ізгі ниет!
Сіздерді Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күтеміз!
Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11.
Донорларды қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Бір рет қан тапсыру – бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік!

 

Қан донорлары керек!«Мемлекеттік қызметкерлердің донорлық эстафетасы: мейірімділік пен қайырымдылық апталығы!»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33