Медициналық этика және қан донорлары
Медициналық этика және қан донорлары
Кез -келген басқа ұйымдағы сияқты біздің қан орталығында, “Этикалық кодекс” бар, онда біздің донорлармен өзара әрекеттесу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар нақты көрсетілген. “Этикалық Кодексте” қан орталығының қызметкерлері донорлармен қарым-қатынас барысында:
- донорларға құрметпен, мұқият және шыдамдылықпен қарау қажет, оларға қан тапсыпруға келгені және / немесе қан тапсырғаны үшін алғыс айтуы керек;
- донорларды күлімсіреп қарсы алып, дөрекілікке жол бермей, мейірімді үнмен сөйлесуі қажет;
- кез келген айла – шарғыдан, жасырудан, бұрмалаудан немесе ақпаратты уақтылы бермеуден, қызметтік жағдайды теріс пайдаланудан және істерді жүргізудің өзге де жосықсыз тәсілдерінен аулақ болуға міндетті;4. адам өмірін сақтау және тек донордың мүддесі үшін шешім қабылдау міндетін үнемі есте сақтау;
- риясыз көмектен бас тартпауы, егер донордың мүдделері қажет болса, әріптестерінен кеңес сұрауы қажет.
Құрметті біздің донорлар, өмірді сақтап қалуға көмектескеніңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Біреуге үміт, уақыт және шынайы бақыт табуға мүмкіндік беру-бұл ең үлкен ерлік. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, бақыт отбасылараңызға амандық тілейміз!