Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығында салтанатты іс-шара өтті.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығында салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күні орталық қызметкерлері кәсіби шеберлігі, ісіне адалдығы және қан қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. «Еңбек ардагері» медалімен Сергеева Е.Е. марапатталды, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен – Полукарова О.Н., «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен – Тунгатова К.Н. марапатталды. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен Булгакова Н.В. мен Каримова А.К. марапатталды.
Орталық басшылығы әр қызметкерге маңызды әрі жауапты еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Қан орталығының Құрмет грамоталарымен ерекше атап өтілген қызметкерлер: Войнова Т.Н., Матаева Г.У., Қайрақбаева Г.К., Клиновицкая Т.С., Сағындықова А.Н., Лаушкина О.В., Ноғайбаева А.А., Азтаева С.М., Нечунаева Л.А., Оридарога С.В.
Алғыс хаттармен марапатталғандар: Қайратова Л.Қ., Акентьева Е.Г., Асаубаева А.Т., Мұқанова Г.Е., Бекішева А., Жанәбілова М.А., Мұхамеджанова М.А., Тәкенова Д.К., Молдақұсманов М.Т.
ШҚО «AQNIET» денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет қызметкерлері кәсіподағы атынан денсаулық сақтау жүйесіндегі адал еңбегі үшін Кашкарова Ю.А. мен Лаушкина О.В. марапатталды.
Қан орталығы ұжымы үшін ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламада мекеме қызметкерлері театрландырылған қойылымдар көрсетіп, Ермек Калиевтің орындауындағы жарқын әрі көңілді әндер шырқалды. Салтанатты іс-шараның соңында конференц-зал қабырғасында бас мейіргер Наталья Булгакова жазған Қан орталығының әнұраны орындалды.
Құрметті әріптестер! Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында өмірлер сақталып, үміт сыйлануда! Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
13 маусым-қан орталығындағы жақсы жүректер күніШҚО экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Дүниежүзілік қан доноры күніне орай қан тапсырды

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33