«Мемлекеттік қызметкерлердің донорлық эстафетасы: мейірімділік пен қайырымдылық апталығы!»

«Мемлекеттік қызметкерлердің донорлық эстафетасы: мейірімділік пен қайырымдылық апталығы!»

Осы аптада «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызметкерлері маңызды бастамаға – тікелей жұмыс орындарында донорлық күндерді өткізуге қосылуда.
Донорлық акцияның алғашқы күні бүгін, 2026 жылғы 24 қарашада, Шәкәрім көшесі, 152 мекенжайында өтті.
Таңертеңнен бастап Корпорация қызметкерлері, қаламыздың тұрғындары, сондай-ақ «ШҚ ӨЭК» АҚ өкілдері ортақ мақсат жолында — қан мен оның компоненттерін құюға өмірлік қажеттілігі бар жандарға көмек көрсету үшін бірікті.
Бұл күні әдеттегі жұмыс ырғағы ерекше ынтымақтастық, жанашырлық пен өзара қолдау атмосферасына ұласты. Уақыт тауып, донор болуға келген әрбір азамат үлкен әрі шын мәнінде маңызды іске өз үлесін қосты.
Бұл бастаманың бірден бірнеше ұжым тарапынан қолдау табуы ерекше қуантады. Өйткені донорлық әртүрлі мамандық иелері мен көзқарастағы адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, басқа адамға көмек көрсету мүмкіндігі әрқайсымыздың қолымыздан келетінін тағы бір мәрте еске салады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшылығы мен қызметкерлеріне, «ШҚ ӨЭК» АҚ ұжымына және акцияға қатысқан барша қала тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің жанашырлықтарыңыз — жай ғана игі бастама емес, бұл сауығып кетуге мүмкіндік күткен науқастарға көрсетілген нақты көмек. Өйткені донорлық қанға деген қажеттілік күн сайын туындайды, ал ауру демалыс пен мереке күндерін таңдамайды.
Донорлық эстафета жалғасуда!
26 қараша күні мемлекеттік қызметшілер арасында екінші донорлық күн: Қазақстан көшесі, 159/4 мекенжайында, ЗТМО-да ұйымдастырылады. Донорларды қабылдау сағат 9:00-ден 13:30-ға дейін, түскі үзіліссіз.
Осы игі іске үлес қосуға ниетті баршаңызды донорлық акцияға қатысуға шақырамыз!
Әрбір қан тапсыру — бір адамға өмір сүруге үміт сыйлау мүмкіндігі. Бірге біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз!

МАҢЫЗДЫ! 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап донорларға төленетін төлем мөлшері 1 100 теңгені құрайды.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33