Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен Донор күні

Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен Донор күні

2024 жылғы 21 қазанда ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаментінде облыстың мемлекеттік органдарының қолдауымен «Донор бол – өмірді сақта!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар біздің өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында бірінші рет өтіп отырған жоқ.

Соңғы екі жыл ішінде олар біздің облыста өтеусіз қан донорлығын белсенді түрде қолдап келеді. Бұл күні өтеусіз ерікті донорлық сияқты қайырымдылық акциясын қолдауға 80-нен астам мемлекеттік қызметші ат салысты. «Біз донорлықты, әдетте, апаттық жағдайларда немесе қайғылы оқиғалар кезінде ғана еске аламыз. Алайда пациенттерге қан жоғалту кезінде, ауыр жарақаттарда, қатерлі ісіктермен күрделі оталарда қан қолданатынын ұмытпауымыз керек.

Бірде-бір адам ертең оған немесе оның жақындарына донорлық қан қажет емес деп сенімді түрде айта алмайды. Сондықтан біз бәріміз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек!»- деп атап өтті біздің донорлар. Акцияның барлық қатысушыларына көрсетіп жақтан игі істері үшін үлкен рахмет айтамыз! Жасап жатқан жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың еселеніп қайтсын.

10 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өттіБереке банктаға Донор күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33