Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шаралар

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шаралар

Бүгінгі таңда алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында азаматтарға қатысты алаяқтық жасалуда және Шығыс Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында ШҚО тұрғындары арасында полиция қызметкерлері ғаламтор -алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде. Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, біздің қала тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналуда.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, бүгін қан орталығына ШҚ ОҚО қызметкерлерімен түсіндіру сұхбатын өткізу үшін Өскемен қаласының Сол жағалау полиция басқармасының полиция қызметкерлері келді.
Әңгіме барысында шот иесінің келісімінсіз шоттан ақшаны есептен шығару, құпиясөз бен ДСН-кодтарды ұрлау, ғаламтордағы оңай табыс және керемет пайызбен салымдар, онлайн-казино – мұның бәрі қаржылық алаяқтықтың түрлері сияқты тақырыптар қарастырылды.

Сондай-ақ, қылмыскерлер адамның сеніміне кіріп, алыпсатарлық жасайтындығы, алтын тауларға уәде беріп, ақшаны тартып алу үшін өздерің банк қызметкерлері немесе мемлекеттік ұйымдар ретінде таныстырып жататындығы туралы айтылды.

Құрметті шығысқазақстандықтар, алаяқтардың арбауынан сақ болыңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

Авторы: Мустафина М.А.

Бүгін қан орталығына «ҮМЗ»АҚ жастар бірлестігінің өкілдері корпоративтік мәдениет бөлімімен және «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметімен бірге келді.Хаттама №6

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33