Мейірімділік пен жауапкершілік!

Мейірімділік пен жауапкершілік!

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Біз «Балалар – біздің болашағымыз» дегенде, яғни, бұл жерде олар біздің қолдауымыз бен бүгінгі қорғауымызға мұқтаж екендігі туралы айтамыз. Қазақстан құқықтық мемлекет құруда және ол үшін қоғам белсенді ұстанымы бар нағыз азаматтарды тәрбиелеуге міндетті. 1 маусым-бұл мереке ғана емес, сонымен қатар жетім балаларға, қамқорлықсыз қалған балаларға, мүгедек балаларға және қан компоненттерін құюды қажет ететін балаларға көмектесу қажеттілігі.

Бүгін, осындай күні ШҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің қызметкерлері дәстүр бойынша «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-на қан тапсыруға келді. Олар өз акцияларын балаларды қорғау күніне арнады.

“Біз ғаламтордан науқастарға, оның ішінде балаларға қан құю қажет екенін естиміз және көреміз. Бүгін жақсы дәстүр бойынша біз донация үшін қан орталығына келдік және біздің қанымыз балалардың сауығуына көмектеседі деп үміттенеміз!”– деп атап өтті әскери қызметшілер.

ШҚО бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің ұжымына ШҚО-да өтеусіз қан донорлығына көмек пен қолдау көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз!

Үздіксіз оқыту-кәсібиліктің кепілі!Мейірімділік-бұл адамға ғана тән таңғажайып қасиет!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33