Мейірімділік-бұл адамға ғана тән таңғажайып қасиет!

Мейірімділік-бұл адамға ғана тән таңғажайып қасиет!

2023 жылғы 02 – інші маусымда «Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменті» ММ-нің 60 қызметкері «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-на игі іс жасау үшін қан тапсыруға келді.

Мейірімділік – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Мейірімді адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жаңашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрстеуге тырысады. Бүгін біз қан тапсыру және сол арқылы науқастарға көмектесу мақсатында облыстық қан орталығына келдік. Біз үшін жұмыс уақытында жарты сағат уақыт бөлу, біреу үшін бұл өмірлік. Қанға мұқтаж науқасқа көмек көрсетіп, қан доноры болған жандарға көп рахмет!»- деп атап өтті мемлекеттік қызметшілер.

Облыстық қан орталығының басшылығы акцияның барлық қатысушыларына жауаптылығы мен жасап жатқан игі істері үшін алғыс білдіреді! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Мейірімділік пен жауапкершілік!Үздіксіз оқыту – кәсібиліктің кепілі!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33