Мен 18 жастамын! Мен – донормын!
2021 жылдың 23 және 24 қарашасында «Өскемен медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-да «Мен 18 жастамын! Мен – донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Болашақ медицина қызметкерлері-студенттер ШҚ ОҚО-да қан компоненттерінің қорын толықтыру мақсатында өздерінде донорлық күндер ұйымдастырды. Акцияның бастамашылары «Медицина жастары» РҚБ студенттік еріктілер орталығының белсенділері болды.
«Біздің ойымызша, өз өмірін медицинамен байланыстыратын кез-келген адам болашақта өзі емдейтін науқастар үшін қан тапсыруы керек және бұл міндет болып саналады. Мұқтаж адамдарға көмектесу-біздің ортақ парызымыз. Әсіресе, бүгінгі таңда бүкіл қоғам коронавирусқа қарсы тұрғанда!»- деп атап өтті «Өскемен медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК студенттері.
Акцияның барлық қатысушыларына жан мейірімділігі үшін үлкен алғыс білдіреміз! Біздің донорларымызға зор денсаулық және отбасыларына амандық тілейміз!
Авторы: Мустафина М.А.