Көптеген балалар кәмелетке толғаннан кейін қан доноры болады
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ – нің қолдауымен Өскемен қаласының білім беру мекемелерінде қан донорлығы бойынша бірқатар сабақтар өткізеді.
Бүгін осындай сабақтардың бірі 6 және 7 сынып оқушыларына арналған «№5 орта мектеп» КММ-де өтті. Дәрісті ШҚОҚО – ның халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маманы Мустафина Мира өткізді.
7 жылдан астам уақыт бойы біздің мекеме қан донорлығы туралы білімді арттыру бойынша қала оқушылары мен студенттеріне арналған жүйелі іс-шаралар өткізіп келеді. Көптеген балалар кәмелетке толғаннан кейін қан доноры болады.