Біз жалғыз емеспіз! Біз біргеміз! Біздің күшіміз бірлікте!

Біз жалғыз емеспіз! Біз біргеміз! Біздің күшіміз бірлікте!

2023 жылдың 10 сәуірінде «ШҚ облыстық мамандандырылған медициналық орталығы»ШЖҚ КМК-да донор күні өтті. Қан алу шарасына дәрігерлер, медбикелер, ұйымның басқа қызметкерлері және қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектескісі келетін қала тұрғындары да қатысты.

«Жыл сайын донорлық мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Соңғы уақытта қан тапсыруға ниет білдірген жастардың санының артып келе жатқаны көңіл қуантарлық. Жастардың көбі белсенді азаматтық ұстаным танытып, мұқтаж жандарға қан тапсыруда! Бүгін қан орталығымен бірлескен іс-шараға қаламыздың тұрғындары, оның ішінде жастар да келгеніне өте қуаныштымыз! Оларға қарап, жалғыз емес екенімізді түсіндік. Біз бірге болған кезде біз алмайтын асулар, біз бағындырмайтын белестер жоқ! Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осындай күшпен біз барлық ауруларды жеңеміз!» – деп атап өтті медицина қызметкерлері.

«ШҚ облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне іс-шараны өткізуге жәрдемдескені және облыста өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін үлкен рахмет айтамыз. Сіздерге зор денсаулық және еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Хабар таратудың 65 жылдығы игі іспен атап өтілдіХабарлама №8

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33