«Марапаттар өз иелерін тапты»

«Марапаттар өз иелерін тапты»

Сүйек кемігін трансплантациялау-гематологиялық, онкологиялық және аутоиммунды ауруларды емдеу әдісі.

Сүйек кемігінің бағаналы гемопоэтикалық жасушалары барлық қан жасушалары мен иммунитеттің нышаны болып табылады. Трансплантациядан кейін олардың аз мөлшері де реципиенттің денесінде гемопоэзді толығымен қалпына келтіре алады.

Қазақстанда гемопоэтикалық дің жасушаларының Ұлттық тіркелімінің жобасын іске асыру бойынша жұмыс 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Бұл жобаға Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының мамандары да белсенді қатысуда.

Қазақстан Республикасында сүйек кемігі донорлығы мен трансплантацияны дамытуға қосқан үлесі үшін және жыл сайын қыркүйектің әр үшінші сенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күнін мерекелеу құрметіне орай біздің трансфузиолог-дәрігерлеріміз Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы, Шакшанова Альмира Мұратқызы құрмет грамоталарымен марапатталды.

”Донор” сөзінің түсінігі«Өскемен Водоканал» МКК қызметкерлерінің таңы нысандарда басталған жоқ!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33