Бізге 68 жыл!

Бізге 68 жыл!

Туған күн – әрбір адамның өміріндегі ең бақытты күндердің бірі. Бұл күн қуанышқа, шаттыққа, ерекше сыйлықтарға, құттықтаулар мен қызықты естеліктерге толы мереке!

Бүгін, 2021 жылдың 1 – інші сәуірінде облыстық қан орталығына 68 жыл толды.

Әркімнің сүйікті қан орталығының тарихы 1953 жылдың 1 – інші сәуірінен, ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігі Өскемен қаласында Облыстық қан құю станциясын ашу туралы №284-а бұйрық шығарған кезден басталды. Бірінші басшы болып Толстяная Ада Владимировна тағайындалды.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына толық сәйкес келетін, ең жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған, Өскемен қаласы мен ШҚО – ның шығыс өңірін барлық қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз ететін орталық болып табылады. Бұл күнге қан орталығы 1998 жылдың 10 – ыншы қарашасынан 2020 жылдың 12 – інші қарашасына дейін өз ісінің білікті маманы, директор Жигитаев Хайрулла Токановичтың қатаң басшылығымен жетті. 2021 жылдан бастап «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК директоры болып Шмурыгина Светлана Александровна тағайындалды.

Туған күніне орай облыстық қан орталығы өзінің сүйікті донорлары үшін «Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!» атты донорлық акция ұйымдастырды, қан донорларынсыз бүкіл әлемде бірде-бір қан орталығы болмас еді. Таңертеңнен бастап ШҚ ОҚО – ның қызметкерлері барлық донорларды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды, донорлар біздің серіктес @sharlandiya_uka рәсімдеген фотозонды пайдалана отырып, естелік суретке түсе алды.

Сондай-ақ, бірінші қабаттың холлында қызметкерлерге, қан орталығына деген ізгі тілектерін, құттықтауларын жазып қалдыруға ниет білдірген донорлар үшін «ШҚОҚО туған күніңмен!» атты баннер орнатылды.Әрине, бұл күні барлық өтеусіз донорларымызға біздің серіктесіміз «Eira Med» ЖШС-ның тәттілері бар азық-түлік жиынтығы сыйлыққа берілді.

Құрметті донорлар біздің шақыртуларымызға келіп, қанға мұқтаж науқастарға көмектескендеріңіз үшін үлкен рахмет айтамыз! Сіздерге зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!

№6 хабарландыруДонорларға көп рахмет!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33