Наурыз құрметіне арналған донорлық акция: бірге өмір сыйлайық!

Наурыз құрметіне арналған донорлық акция: бірге өмір сыйлайық!

Бүгін, 2026 жылғы 20 наурызда, Қан орталығында Наурыз мерекесіне
арналған ерекше донорлық акция өтті! Бұл ізгілік пен жаңару күні бізді бір
мақсатқа біріктірген – донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесу болды.
Серіктестерімізге: «SABR-2025» ЖШС, «Теrrа Coffee» кафетериясы,
«BG Engineering» ЖШС, «Янтарь УК» ЖШС, «QYZYK» тұқым өндіру
компаниясы және Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалы өтеусіз қан
донорлығын қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің
қолдауларыңызбен бұл күн барлық қатысушылар үшін нағыз жылулық пен
қуанышқа толы күн болды. Әрбір донор тек қана игі іс жасағанының
қуанышын сезініп қана қоймай, сондай-ақ жағымды сыйлықтар мен дәмді
тартуларға да ие болды.
Бүгін өзгелердің игілігі үшін өз жүрегінің бір бөлшегін сыйлаған барша жандарға алғысымыз шексіз! Жақсылықтарыңыз еселеніп, әр шаңырақта
әрдайым береке мен бақыт орнасын. Наурыз мерекесі құтты болсын, достар!
Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір және шынайы қуаныш тілейміз!

Бүгін біз ерекше адам және донор Бату Серік Болатбекұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бүгін біз өз ұжымымыздың маржаны – Малендор Гульнар Сағынғанқызын туған күнімен құттықтаймыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33