Қазіргі таңда «Гематология орталығы» ЖШС-де миелоидты лейкозы бар аса ауыр халдегі науқас бар

Қазіргі таңда «Гематология орталығы» ЖШС-де миелоидты лейкозы бар аса ауыр халдегі науқас бар

Қазіргі таңда «Гематология орталығы» ЖШС-де миелоидты лейкозы бар аса ауыр халдегі науқас бар, оған қан компоненттері – тромбоциттерді құю талап етіледі. Бұл жағдайдың күрделілігі осы науқаста қан компоненттерін бірнеше рет құю салдарынан HLA-антиденелердің жоғары деңгейі қалыптасқандығында.

Мұндай антиденелер адам ағзасында бөгде HLA антигендеріне – адамның лейкоциттік антигендеріне (нақты ақуыздар) жауап ретінде шығарылады. HLA жүйесінің көптеген антигендері бар және әр адамның осындай антигендердің өзіндік жиынтығы бар. Сондықтан донордың HLA антигендерінің жиынтығы науқастың антигендеріне мүмкіндігінше ұқсас болуы маңызды. Тромбоциттерді құюды қажет ететін науқастарда HLA-антиденелердің болуы осы қан компоненттерінің үйлесімді донорын таңдауды едәуір қиындатады, ал кейде мүмкін емес етеді.

Соңғы екі апта ішінде Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы аталған науқасқа тромбоциттерді іріктеу үшін донорларды шақыртуды қарқынды режимде жүргізіп жатыр. Аталған кезеңде 110-нан астам адам шақырылды. Өкінішке орай, донорларды медициналық тексеру және HLA-зерттеулер нәтижелері бойынша әлеуетті донорлардың ешқайсысы науқаспен үйлесімді емес. Облыстық қан орталығы донорларды іріктеу жұмыстарын жалғастыруда.

Құрметті біздің қаламыздың және облысымыздың тұрғындары, осы науқасқа арналған HLA жүйесі бойынша үйлесімді тромбоциттерді іріктеу үшін қан орталығы келесі қан топтары бар донорларды шақырады: О(I) және А(II). Біздің мекен-жайымыз: Көкжал Барақ көшесі 11, донорларды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін 8.30-дан 13.00-ге дейін және әр айдың соңғы сенбісі. Ертең 27.08.2022ж. – жұмыс күні. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы тиіс.

Көмек қолын созғысы келетіндердің барлығын күтеміз! Мүмкін Сіздің қаныңыз науқастың өмірін сақтап қалады!

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындарыТегін қайырымдылық

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33