Неліктен жоғары артериялық қан қысымы қан доноры болуға қарсы көрсетілім болып табылады?

Неліктен жоғары артериялық қан қысымы қан доноры болуға қарсы көрсетілім болып табылады?

Кейде донорлар қан орталығына қан қысымы жоғары күйде келіп, қан
тапсырғаннан кейін қысымым төмендейді деп үміттенеді. Алайда донорлық
гипертонияны емдеу тәсілі емес екенін есте ұстаған жөн!
Қан қысымы жоғары болған жағдайда қан тапсыру кезінде донордың
жағдайы нашарлауы мүмкін: бас айналу, әлсіздік, қан қысымының ауытқуы
және естен тану жағдайлары орын алуы ықтимал. Сондықтан әрбір қан
тапсыру алдында медицина қызметкері донордың артериялық қан қысымын
міндетті түрде өлшейді.
Қандай жағдайларда донорлықтан уақытша шеттетілуі мүмкін?
Қазақстан Республикасының қан қызметі бойынша бұйрығының
талаптарына сәйкес, донорлықтан уақытша шеттетуге мынадай көрсеткіштер
негіз болып табылады:
систолалық артериялық қысым – 100 мм сын. бағ.-нан төмен немесе
180 мм сын. бағ.-нан жоғары;
диастолалық артериялық қысым – 60 мм сын. бағ.-нан төмен немесе
100 мм сын. бағ.-нан жоғары.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша донорлыққа жіберу
туралы шешімді дәрігер қабылдайды.
Құрметті донорлар! Қан тапсыру арқылы қан қысымын қалыпқа
келтіруге тырыспаңыздар. Денсаулықтарыңызды бақылап, дәрігердің
ұсынымдарын орындаңыздар және медициналық қарсы көрсетілімдер
болмаған жағдайда донорлыққа қайта оралыңыздар.
Естеріңізде болсын: донорлық адам өмірін құтқарады, бірақ
гипертонияны емдемейді! Өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!

Бақ біз туралы: «Өзгеге өмір сыйлау – бақыт»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33