Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану тәртібі
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану тәртібі ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚО қан орталығы) және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі-ШҚО денсаулық сақтау басқармасы) басшысының атына ШҚО денсаулық сақтау басқармасының http://densaulyk.gov.kz/ интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша беріледі: Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда мыналар көрсетілуі керек:
1) шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік органның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) жоғары тұрған лауазымды адамның атауы) ;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жері не шағым беретін заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;
3)жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) актісіне (шешіміне) шағым жасалатын мемлекеттік органның атауы немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын (шағым жасалатын)лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
5) шағым берген адам өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
6) шағым берілген күн;
7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі.
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК өтініштерін қарау бойынша жауапты тұлға: донорды қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Матаева Гулдар Укужаровна, телефон 8(7232)70422,87710510456 сағат 8.00-ден 15.42 – ге дейін дүйсенбі-жұма.