Шешімдерге шағымдану

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану тәртібі 

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III ҚРЗ (01.01.2020 ж.жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II Заңының (25.11.2019 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) 4-1-тарауының талаптарына  сәйкес жүзеге асырылады. 

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚО қан орталығы) және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – ШҚО денсаулық сақтау басқармасы) басшысының атына ШҚО денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында орналастырылған: http://densaulyk.gov.kz/. мекенжай бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымда:

  • шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік органның атауы (жоғары тұрған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты) (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жері не шағым беруші заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;
  • жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі;
  • актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауы немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
  • шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
  • шағым берілген күні;
  • шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуі керек.

 

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК өтініштерді қарау жөніндегі жауапты тұлға: сапаны бақылау жөніндегі басшы Войнова Татьяна Николаевна, телефоны 8(7232)704222, дүйсенбі-жұма 8.00 – ден 15.30-ға дейін.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33