Облыстық қан орталығына біздің донорымыз Брагин Павел Михайлович келді

Облыстық қан орталығына біздің донорымыз Брагин Павел Михайлович келді

Павел Михайлович сирек кездесетін теріс резусты АВ(IV) қан тобының иегері, 2011 жылдан бастап қан мен оның компоненттерінің тұрақты доноры болып табылады. Бүгінгі күнге дейін 26 рет өтеусіз қан тапсырған.

«Мен 18 жасқа толғаннан кейін қан доноры болдым. Мен қан орталығына екі айда бір рет барып тұрамын. Маған адамдарға көмектесу өте ұнайды, өйткені ешкім ертең оны не күтіп тұрғанын білмейді. Көптеген адамдар мені мейірімді адам деп айтады, алайда мен мейірімділік – бұл әр адамның бойында болуы керек ең жақсы жағымды қасиет деп санаймын. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Адамдар ерте жастан мейірімділікке тәрбиеленуі керек, ал баланың мейірімді болып өсуіңе ата-ананың көмектесуі қажет. Барлығы бала кезден басталады, сондықтан әрқашан мейірімді болайық!»- деді Павел Михайлович.

Шынында да, мейірімділік – бұл адамның асыл қасиеті, соның арқасында жақсылық жасауды немесе басқаларға көмектесуді қалайды. Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Осындай қасиетке ие адам айналасындағы адамдарға қамқорлық пен сүйіспеншілік көрсеткісі келеді.

Құрметті Павел Михайлович, сіздің ақ жүрегіңіз бен жасап жатқан қайырымды, игілікті ісіңізге үлкен рахмет. Сізге зор денсаулық және отбасыңызға амандық тілейміз. Әрқашан осындай адамгершілігі мол, ниеті түзу, мейірімді адам боп қалуыңызға тілектеспіз!

№19 хабарландыруДонорларға алғыс!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33