Плазманы берер алдында бақылау талдауларын жүргізудің маңыздылығы
Егер сіз қан тапсырған болсаңыз- бұл іс жүзінде атқарылған жұмыстың тек жартысы ғана. 4 айдан кейін қайта талдауға келу- міне, ең маңызды сәт осы!
Пациентке қан компоненттерін қауіпсіз құюды қамтамасыз ету үшін тапсырылған қан гемотрансмиссивті жұқпаларға: АИТВ, В және С гепатиттеріне, мерезге және сарыпқа тексеріледі. Қан тапсырғаннан кейін донордың қаны өңделеді – ол компоненттерге бөлінеді: эритроциттік жүзінді және плазма. Эритроциттік жүзінді бірден қолданылады, ал плазма карантинге қойылады.
Плазманы карантиндеу ықтимал «серонегативті терезе» (зертханалық тестілеу кезінде анықталмаған жұқпалық процесс кезеңі) ішінде жұқпалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Кейде донордың қанында жұқпалардың қоздырғыштары болады, олар қан тапсыру кезінде анықталмайды (вирус антиденелермен бітеліп қалады немесе әлі де аз), сондықтан қан орталығының қызметкерлері донорларды 4 айдан кейін бақылау сынақтарына қайта шақырады.
Құрметті донорлар, қан орталығына келу мерзімін сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл карантиндеу процедурасын тиімді жүргізу және кейіннен науқас адамдарға қан құю үшін қаныңызды пайдалану үшін қажет. Біздің шақыруларымызды ескерусіз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Естеріңізде болсын, дәл қазір ондаған басқа адамдарға қажет болғандай, қан компоненттері Сізге, туыстарыңызға немесе жақындарыңызға қажет болуы мүмкін!