Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Бүгін біз тұрақты донорымыз – Бородулиха Ольга Хадылбековнаны 60жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ольга Хадылбековна 2017 жылдан бастап өтеусіз қан доноры болып табылады.
“Алғаш рет 2017 жылы облыстық қан орталығының көшпелі бригадасы” МК Казцинк” ЖШС кәсіпорнына келгенде күйеуіммен бірге қан тапсырған болатынбыз. Мені донорлыққа күйеуім шақырды. Ол өзі 2009 жылдан бері өтеусіз қан доноры болып табылады. Біз донор болғанымызға өте қуаныштымыз, өйткені науқастардың өмірін құтқару үшін донорлық қанның маңыздылығын түсінеміз. Бүгін менің қос мерекем: 60 жас мерейтойым және зейнеткерлік демалысқа шықтым. Енді сүйікті қан орталығына жиі баруға уақыт болады”, – деді Ольга Хадылбековна. Сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Алпыс – тал түс. Алда әлі талай асулар мен белес-беделдер бар. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтерінкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығың, отбасының амандығың, қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз. Абыройыңыз асқақтай берсің!

Ораза айт қабыл болсын!Көмекке қол созайық!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33