Толыққанды ұйқы – сәтті (аяқталған) донацияның кепілі
Ұйқы бұл аштық немесе шөлдеу сияқты адамның физиологиялық қажеттілігі. Ең алдымен, ұйқы – бұл ағзаның демалуы.
Ересек адамның ұйқысының мінсіз ұзақтығы-күніне 7-8 сағатты құрайды. Егер ұйқы сандық немесе сапалық жағынан жеткіліксіз болса, онда адам физикалық ауруды, бас ауруын, тітіркенуді сезіне бастайды.
Сонымен қатар, көптеген адамдар өздерінің әл-ауқатының себебі ұйқының жеткіліксіздігі екенін түсінбейді.
Сондықтан біз донорларға донация күні қарсаңында ертерек жатуға кеңес береміз. Түнгі ауысымнан, кезекшіліктен немесе жай ұйқысыз түндерден кейін қан тапсыру аса қажет емес.
Жақсы ұйқы сіздің денсаулығыңыз үшін өте маңызды.Әр күніңіздің қауіпсіз, тиімді болғанын қаласаңыз – толыққанды ұйқы тәртібін сақтаңыз!