“Донор” сөзінің түсінігі

“Донор” сөзінің түсінігі

Біздің еліміздегі ересектердің аз бөлігі “Донорлық”, “Донор”сөздерінің мағынасын білмейді. “Донор” ұғымы көптеген ауруларды емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылатын “қан құюмен” тығыз байланысты.Ол сондай – ақ жазатайым оқиғалардан туындаған жаппай қан жоғалтуды емдеуде-жарақаттарда, көліктегі немесе өндірістегі апаттарда, жер сілкінісі мен құлау кезіндегі жараларда, сондай-ақ ауыр оталар кезінде, аналар мен жаңа туған нәрестелерді құтқару үшін босану кезінде қан жоғалтуда сәтті және кеңінен қолданылады.

Бүгін ШҚ ОҚО қан компоненттерінің қорын толықтыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасында донорлық күн өтті. Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы қызметкерлері ғана емес, “Өскемен құрылыс колледжі” КММ студенттері мен оқытушылары да қан тапсырып, науқастарға көмектесуге жиналды.

Донорлық-бұл сіздің қаныңызды өмірді сақтау үшін қажет бейтаныс адамға берудің ерекше мүмкіндігі!

Біздің барлық донорларымызға донорлық қозғалысқа қатысқаны үшін алғыс айтамыз!

Өзегінің өмірі үшін жасаған игілікті ісіңіз өзіңізге еселеніп қайтсын!

”ШҚО азаматтарына арналған үкімет” МК КЕАҚ -да донор күні«Марапаттар өз иелерін тапты»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33