Анамнезінде жүкті болған әйелдерге неліктен иммундық плазманы тапсыруға рұқсат етілмейді?
Қымбатты достар, біздің донорларымыздан жиі қойылатын иммундық плазма донорлығы туралы сұрақтарға облыстық қан орталығы жауап береді.
Сұрақ: «Анамнезінде жүктілік болған әйелдерге неліктен иммундық плазманы тапсыруға рұқсат берілмейді?»
Жауап: «Анамнезінде жүктілігі бар әйелдердің плазмасында антилейкоциттік антиденелер болуы мүмкін, олар осындай плазма құйылған науқастарда өкпенің зақымдануымен байланысты асқынулардың туындау қаупін арттырады. Коронавирустық инфекция кезінде өкпенің зақымдануы байқалатындықтан, антилейкоциттік антиденелері бар плазманы құю науқастың жағдайын нашарлатады. Сондықтан қан компоненттерін құйғаннан кейін асқынулардың алдын алу үшін анамнезінде жүктілігі болған әйелдер иммундық плазманы тапсыруға жіберілмейді!»
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11
Қан орталығына № 17, 46, 43, 260 автобустарымен келулеріңізге болады.
Тіркеу орнының байланыс телефондары: 70-08-08; 70-38-38; 87057985940; 87057520964.
Міндетті түрде өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс!