Кезекті облыстық конференция өтті

Кезекті облыстық конференция өтті

2022 жылдың 02 қарашасында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында» клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған кезекті облыстық конференция өтті. Конференцияға өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология саласының мамандары қатысты. Конференция гибридті форматта– онлайн-трансляциясы бар аудиторияда өтті, бұл іс-шараға жұмыс орнындағы мамандарға қашықтан қатысуға мүмкіндік берді.

Конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.08.02 № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен енгізілген қан, оның компоненттерін құю қағидаларындағы өзгерістер, трансфузиялық көмек көрсету кезіндегі персоналдың өзара іс-қимыл алгоритмдері, қан компоненттерін пайдалану мониторингі мәселелері және оларды есептен шығаруды азайту жөніндегі іс-шаралар, трансфузиялық кеңес жұмысының негізгі бағыттары, сапаны кіріс және күнделікті зертханаішілік бақылау тәртібі қаралды.

Сонымен қатар, ШҚО АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-ның гемотрансфузиялық жолмен берілуінің алдын алу туралы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ШҚ ОО» КМК бас дәрігері М.В.Жеголко баяндама жасады.

Конференция барысында барлық қатысушылар сұрақтар қоюға және мамандардан құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, мамандар халыққа трансфузиялық көмек көрсетудің жеке тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушылардың сұрақтарына, оның ішінде онлайн-трансляция чатынан жауап бере алды. Конференцияға қатысушылар қызықты және өзекті баяндамалар үшін үлкен алғыстарын білдіріп, және оны жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы «Донорлық күнтізбе» айдарын ұсынамыз!Болашақ зертханашылар қан орталығына келді!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33