Донор жолы

Донор жолы

Донация-бұл адамның қан тапсыру рәсімі. Донациялау рәсімі алдында донор жеті кезеңнен тұратын «Донор жолынан» өтеді.
Бірінші кезең «Тіркеу орны». Тіркеу орнында донор өзі туралы, өзінің өмір салты мен денсаулығы туралы мәліметтер көрсетілген сауалнаманы толтыруы қажет. Донорлыққа қарсы көрсетілімдері бар тұлғалар деректер базасы арқылы салыстырудан өтеді.
Екінші кезең – «Қан талдауы». Болашақ донордан қан тобы мен резус факторын, гемоглобин деңгейін және басқа көрсеткіштерді анықтау үшін саусақтан қан алынады.
Үшінші кезең «Терапевт қабылдауы». Қабылдауда терапевт дәрігер донордың сауалнамасымен мұқият танысады, тексеру жүргізеді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдайды, донордың денсаулығына, оның әдеттеріне және өмір салты туралы қосымша сұрақтар қояды. Әңгіме барысында дәрігер дәрігерлік этика ережелерімен қатар, донор туралы алынған ақпараттың барлық ережелерін сақтайды Дәрігер тікелей донациялау рәсіміне жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылдайды.
Төртінші кезең «Буфет». Рәсімді бастамас бұрын донор буфетке баруы керек, онда оған печенье, қант қосылған тәтті шай ұсынылады.
Бесінші кезең – «Қан немесе оның компоненттерін тапсыру рәсімі». Рәсім донор үшін барынша қолайлы жағдайларда, арнайы донорлық креслода жүзеге асырылады. Білекке бұрау салынады, тері зарарсыздандырылады, содан кейін қан немесе оның компоненттерін алу рәсімі жүргізіледі, бұл ретте тек стерильді бір реттік материалдар пайдаланылады. Донация кезінде донор жұдырығын қарқынды қысады және ашады,қан жиналып донор қанының бір бөлігі зертханалық зерттеулерге жіберіледі. Донация аяқталғаннан кейін шынтақ буынына стерильді таңғыш байланады, ол кемінде 2 сағат алынбауы тиіс.
Алтыншы кезең «Буфет». Қан тапсырғаннан кейін донор қайтадан буфетке жіберіледі, онда оған печенье, қант қосылған тәтті шай ұсынылады. (Ескерту. Қанның мөлшері мен құрамын жақсарту үшін көбірек сұйықтық ішу, сонымен қатар ақуыз мөлшері жоғары тағамдарды тұтыну ұсынылады).
Жетінші кезең «Анықтама беру». Донор донация рәсімінен кейін өзінің қанының көлемін және қанды (немесе) оның компоненттерін донациялаудан кейінгі ағзаның энергетикалық шығындарын толықтыру үшін орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан босату туралы анықтама және өтемақы алады. Өтеусіз негізде қан тапсырған донорларға қосымша бір күн демалыс беріледі.
Донорлық қозғалыс адамдардың тағдырына бей – жай қарамайтын, өз қанын тапсыру арқылы басқалардың өмірін сақтап қалуға тырысатын, басқаларға ерікті және өтеусіз қан беру шынайы адамгершілік әрекет екенін түсінетін барлық адамдарды біріктіреді! Біз күн сайын «Донор жолынан» өтіп, өмір үшін қан тапсыратын барлық донорларымызға алғыс айтамыз!

Мен 18 жастамын! Мен – донормын!Практикалық жаттығу

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33