«Резус- фактор: бұл не және ол не үшін маңызды?»

«Резус- фактор: бұл не және ол не үшін маңызды?»

Резус фактор деген не. Резус фактор (Rh) эритроциттердің бетінде орналасуы мүмкін ерекше ақуыз (D антиген). Егер бұл ақуыз болса, қан резус оң (Rhi), ал егер болмаса резус теріс (Rh ) болып есептеледі. Резус фактор тұқым қуалайтын белгі болып табылады және өмір бойы өзгермейді. Ол қаншалықты кең тараған. Әлем халқының басым бөлігі (шамамен 85%) резус оң қан тобына ие. Резус теріс қан сирек кездеседі және көбіне еуропалық тектегі адамдарға тән. Резус фактор не үшін маңызды. Резус фактор екі негізгі жағдайда ерекше маңызға ие:

1. Қан құю. Егер Rh- қаны бар адамға Rh+ қан құйылса, иммундық жүйе антиденелер түзе бастайды Қайта қан қойылған жағдайда бұл ауыр реакцияға, яғни эритроциттердің бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан қан құю әрдайым резус-факторды ескере отырып жүргізіледі.
2. Жүктілік. Егер ананың қаны Rh— ал ұрықтың қаны әкесінен тұқым қуалап Rh+ болса, резус-қақтығыс туындауы мүмкін.

Ананың иммундық жүйесі ұрықтың эритроциттерін «бөгде» деп қабылдап, баланың қанына зиян келтіретін антиденелер түзуі мүмкін Бұл жағдай резус қақтығыс деп аталады. Қазіргі заманғы медицина бұл мәселені анти-резус иммуноглобулинін енгізу арқылы сәтті алдын алады, сондықтан дұрыс медициналық бақылау кезінде жүктілік әдетте асқынусыз өтеді. Резус факторды қалай білуге болады? Резус фактор қарапайым қан талдауы арқылы анықталады, Бұл талдау жүктілік кезінде, операциялар алдында, қан құю алдында жасалады және медициналық құжаттарда көрсетіледі.

Резус-фактор – қанның тек генетикалық ерекшелігі болып табылады. Резус фактор медицинада, әсіресе қан құю және жүктілікті жүргізу кезінде маңызды рөл атқаратын негізгі биологиялық көрсеткіштердің бірі, Өз резус-факторын білу ауыр асқынулардың алдын алуға және алдын алу шараларын дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгін біз қуанышпен біздің тамаша донорымыз Есполов Дидар Калиолдановичті туған күнімен кұттықтаймыз!Донорлық бағдаршам 02.03.2026 ж

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33