РИЗАШЫЛЫҚПЕН

РИЗАШЫЛЫҚПЕН

Қан орталығының атына біздің қымбатты  донорларымыздан алғыс сөздер келіп түсуде. Тұрақты  донорымыз Жарымқанов Ермек Жарымханұлының алғыс сөздері: «Құрметті қан орталығының қызметкерлері! Күрделі, маңызды, жұмыс үшін Сіздердің ұжымдарыңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Қан дайындау бөлімінің медбикелері Шүкірхан Динара Айдынқызына, Маукенова Жанаргүл Сарбасқызына, Ракишева Аяжан Аскенқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге көп рахмет! Мен қан   орталығы Защита ауданында  орналасқан  кезден, 2013 жылдан бастап донормын. Сіздердің ұжымдарыңызда өз ісінің кәсіби мамандары жұмыс істейді. Сондықтан қанша жыл өтсе де, мен қан орталығына қуана келемін. Ұжымдарыңыз осы жолдан тайынбай,жаңа биіктерді бағындыра берсін».

Ал біз, өз кезегінде, Ермек Жарымханұлына жүректен шыққан жылы сөздеріңіз бен шынайы тілегіңіз  үшін үлкен  рахмет айтамыз. Адам өмірін  сақтап қалуға көмектескеніңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Біреуге үміт, уақыт және шынайы бақыт табуға мүмкіндік беру-бұл ең үлкен ерлік. Сізге зор денсаулық, сәттілік, отбасыңызға амандық және бақыт тілейміз!

 

Донорлармен/пациенттермен қарым-қатынастық дағдылар туралыӨмірің қан қызметіне арнаған

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33