ШҚ ОҚО-дағы семинар
Қан орталығында «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы» ШЖҚ КМК мамандары Н.Оралбаева мен Т.Башкирцеваның ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары . АИТВ бойынша аймақтағы эпидемиологиялық жағдай. Қанмен жұмыс істеу кезіндегі әмбебап сақтық шаралары. Медициналық манипуляциялармен байланысты инфекциялардың алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинар барысында сондай-ақ апатты жағдайлар туындаған жағдайда АИТВ-ның байланыстан кейінгі алдын алу, донорларды іріктеу, әлсіз топтағы адамдарды донорлыққа жібермеу және т.б. мәселелер қаралды.
«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығына» көп жылдық ынтымақтастығы және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.