Семинар

Семинар

2023 жылғы 13-16 маусым аралығында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚОҚО) сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде оқыту семинарын өткізді. Семинарды ШҚОҚО комплаенс-офицері Дюсупова Гулім өткізді.

Сыбайлас  жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

Сыбайлас  жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

ШҚОҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты атқаратын лауазымына қарамастан лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелін барынша азайту болып табылады.

Сондай-ақ, комплаенс-офицер қан орталығының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы құжаттармен:

  1. «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – дағы корпоративтік әдеп Кодексі
  2. «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саясаты
  3. «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы Ереже.
  4. «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – да мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі Ереже
  5. ШҚОҚО қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және коммерциялық пара беру жөніндегі нұсқаулықпен таныстырды.
«Погондағы донорлар»450 герань тамыры!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33