Жақында Жаңа жыл!
Жақында Жаңа жыл! Мұндай мерекеде әрқайсымыз Аяз Ата, Ақшақар немесе кішкентай балаларға арналған сиқыршы бола аламыз және оларға керемет, ұмытылмас көңіл күй сыйлай аламыз.
Жаңа жыл мерекесінде де ем алып жатқан балаларға Аяз Ата мен Ақшақар жақсы дәстүр бойынша өздері келеді. Бүгін облыстық қан орталығының қызметкерлері онкогематологиялық аурумен сырқаттанатын
балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Таңертеңнен бастап Ақшақар мен Бір тамшы қан мерекелік көңіл-күйде кішкентай балалардың мекен-жайына қарай бет алды. Ұлдар мен қыздар ертегі кейіпкерлерімен әңгімелесіп, ән айтып, өлең оқыды. Сондай-ақ балалар біздің серіктестеріміз дайындаған сыйлықтарға ие болды: «Вкус Маркет» дүкендер желісінен тәттілер салынған кулёктар және біздің мейірімді перизатымыз Меруерт Меткеновадан ойыншықтар алды. Сонымен қатар, балаларға «Вкус Маркет» ЖШС-нен «Юбилейное» кинотеатрына жаңа жылдық мультфильмдер сеансына билеттер берілді.
Құрметті балалар, жақында сіздер Жаңа, 2022 жылды қарсы аласыздар! Өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын:ата-аналарың аман болсын. Дені сау, Қазақстанның мықты азаматы мен азаматшалары болып өсулеріңе тілектеспіз! Бақытты балалық шақ тілейміз!
Маңызды! Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы облысымыздың барлық тұрғындарына жүгінеді: “Егер сізде қан донорлығына қарсы көрсетілімдер болмаса-онкогематологиялық аурумен сырқаттанатын балалардың сауығу мүмкіндігін арттыру үшін гемопоэздік дің жасушалары донорларының қатарына қосылуларыңызды сұрайды”.