Елін қорғау – ерге серт
Құрметті Өскемен қаласы жəне облыс тұрғындары!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында 2021 жылғы 6 – ыншы мамыр күні облыстық қан орталығында “Елін қорғау -ерге серт” атты донорлық Акция өтеді. Мақсаты ұзақ демалыс күндеріне қан компоненттерінің қорын толықтыру.
7 мамыр – батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің және өзіне деген сенімділіктің мерекесі.
Мерекеге орай облыстық қан орталығына біздің ержүрек азаматтар келіп, науқастарға көмек көрсеткенін қалаймыз. Өйткені, мықты ерлердің ең басты ерлігі – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек беру және қолдау көрсету.
Мерекеге байланысты бұл күні ер – азаматарды көптеген сыйлықтар күтеді.
Қан алу: сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі,11
№ 17, 46, 43, автобустарымен және №260 маршрутпен келуге болады.
Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек!