Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — басты назарда

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — басты назарда

10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында (бұдан әрі — ШҚОҚО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарда спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Бейсембаев Архат Абжатович сөз сөйледі.
Кездесудің негізгі мақсаты — жасалған құқық бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алудың жүйелі тәсіліне көшу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ олардың туындауына себеп болатын жағдайлар мен факторларды жою.
Мүдделер қақтығысы: жеке мүдденің болуы өздігінен құқық бұзушылық болып саналмайды. Ең маңыздысы — ықтимал мүдделер қақтығысын дер кезінде анықтап, оны реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдау.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік: қатысушыларға заңнама талаптары, сондай-ақ заңсыз сыйақыны ұсынғаны, уәде еткені және бергені үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Туыстық байланыстар және комплаенс: жақын туыстардың бірге жұмыс істеуіне қойылатын шектеулерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің тәуелсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Адалдық — әр адамның жеке жауапкершілігі!
Естеріңізге саламыз: егер сізге ШҚ ОҚО лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы белгілі болса, бұл туралы хабарлаңыз:
ШҚ ОҚО комплаенс-офицері: 8 (7232) 70-22-33
Уәкілетті органның Call-орталығы: 1424
Сіздің қырағылығыңыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сондай-ақ сенім мен адалдық ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.

Донорлық саналы таңдаудан басталады!ШҚО-ның 40-тан астам тұрғыны ГДЖ донорлығына қадам жасады

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33