Медицина қызметкерлер күнімен!
Бүгін, 2023 жылғы 16-ыншы маусымда медицина қызметкері күні қарсаңында қан орталығының қабырғасында салтанатты жиналыс өтті, жиналыс барысында қызметкерлеріміз Лаушкина Ольга Викторовна мен Стрижкова Елена Ивановна ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, осы күні ШҚ ОҚО басшылығы атынан кәсіпорын қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай күннің құрметіне орталық басшылығы мен кәсіподақ комитеті қызметкерлерді мерекелік сыйлықтармен қуантты. Медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшысы. Олар ажалдан қорықпайды, адамға екінші өмір сыйлайды, өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстайды. Ең қиын сәттерде, ең жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті, жанашырлық пен мейірімділікті көрсете отырып, көмекке келеді. Күнделікті, қажырлы еңбектеріңіз үшін және таңдаған мамандықтарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін көп рахмет. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш – жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз. Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне берулеріңізге тілектеспіз!