“Сенің өмірін -сенің таңдауың!»

“Сенің өмірін -сенің таңдауың!»

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ-мен ауыратын немесе АИТВ-инфекциясынан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін қолдау мақсатында бүгін, 2022 жылғы 01 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Сенің өмірің-сенің таңдауың!» атты ұранмен донорлық акция өтті.

Акцияның мақсаты-донорларға АИТВ/ЖИТС, берілу жолдары және одан қорғану жолдары туралы айтып беру.

Бұл күні біздің барлық өтеусіз донорларымыз серіктесімізден сыйлықтар және ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерінен «АИТВ/ ЖИТС туралы» ақпараттық брошюраларын алды.

Итальяндық ғалым, гуманист, жазушы Л. Альберти айтқандай, «Қасіретті тағдыр аспаннан төнбейді, бірақ адамның ақымақтығынан туады».

Сондықтан құрметті қазақстандықтар, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар! Өйткені сенің өмірін-сенің таңдауың. Біз ақымақтықпен осындай таңдау жасай аламыз, артынан өмір бойы өкінеміз!

Сізді қызықтыратын АИТВ-инфекциясы туралы ақпаратты ШҚО-ның ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ресми сайтынан ала аласыз.

”1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні”Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы 📆«Донорлық күнтізбе» айдарын ұсынамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33