Тектіліктің шегі жоқ!

Тектіліктің шегі жоқ!

2024 жылғы 14 маусымда қан орталығында «KINCARRE» компаниясы, «Yaya Park» балалар ойын-сауық орталығы, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы, «BIZDIKI»  брендімен отандық тауарлар дүкені, «Ертіс концерт» ШҚО мәдениет басқармасы, «Ника» хореографиялық ұжымы және «Карнавал» event-агенттігі серіктестердің қолдауымен «20 жыл өтеусіз қуаныш: рахмет, қан донорлары!» ұранымен Дүниежүзілік қан доноры күні өтті.

Осындай тамаша күні ШҚО мәдениет басқармасының “Ника” хореографиялық ұжымы мен “Ертіс концерт” қонақтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Екінші қабатта  Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалы біздің өтеусіз донорларымыз үшін мерекелік дастархан жайды. Осындай тамаша күні «Ника» хореографиялық ұжымы мен ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» қонақтарының қатысуымен біздің өтеусіз донорларымыз үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, барлық қонақтар «Карнавал»event-агенттігі ұйымдастырған фотоаймақта естелік фотосуреттерге түсе алды.

Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалының директоры Шолпан Советбекқызы Қасеноваға, «KINCARRE» компаниясының бас директоры Александр Ефремович Лиге, «Yaya Park» балалар ойын-сауық орталығының директоры Әлжан Сұлтанмахмұт Мадиярұлына, «BIZDIKI» брендімен отандық тауарлар дүкенінің директоры Біржанұлы Тоқтарға, «Ника» хореографиялық ұжымның жетекшісі Татьяна Ивановнаға және «Карнавал» event-агенттігінің басшысы Сендрова Виктория Александровнаға  ШҚО-да өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін алғысымыз шексіз.

Дүниежүзілік қан доноры күнін өткізуге көмектескені және қолдағаны үшін серіктестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге шын жүректен тек жақсылық пен қалағандарыңыздың орындалуын тілейміз. Сіздің жомарттығыңыз, шынайылығыңыз, ашықтығыңыз, дереу көмек қолыңыз әрқашан жылы шыраймен және ризашылықпен қабылдансын. ⠀Сіздерге барлық жақсылықты тілейміз!

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күніМейірімге толы жүрек!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33