Қазіргі кезеңдегі трансфузиология.

Қазіргі кезеңдегі трансфузиология.

Көптеген жылдар бойы жаңа алынған қан жан-жақты әсерге ие әмбебап трансфузиялық орта болып саналды.Осының нәтижесінде жаңа алынған қанды құюға аса күрделі емес шара, әрекет етудің болжамды алмастырушы, гомостатикалық, ынталандырушы, дезинтоксмкациялық және трофикалық тетігіне негізделген айғақтардың кең спектрі бар ресім ретіндегі көзқарас пайда болды Қан құюды кеңінен қолдану реакциялар мен асқынулардың едәуір санының туындауына алып келді, олардың мәні ретроспективті талдау, сондай-ақ қазіргі заманғы иммунологияның жетістіктері нәтижесінде айқын болды. Қазіргі таңда қанды құю ағза тінін транспланттау бойынша жауапты операция ретінде қарастырылады.

Осының барлығы қанды құюға деген көзқарасты өзгертуге негіз болды және қандай да бір патологияда ағзада жетіспейтін нақты қан компоненттерінің орнын толтыру қағидатына негізделген трансфузиялық терапияның жаңа тәсілдері жасалынды.

Қазіргі таңда қан қызметі трансфузиялық көмектің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтаудың серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Трансфузиологияны дамытудың қазіргі кезеңінде ақпараттық жүйелерді дамыту негізінде жұмыс үдерістерін барынша автоматтандыру, жоғары технологиялық жабдықты пайдалану, шығарылатын өнімнің сапасын басқару жүйесін жетілдіру басым бағыттар болып табылады.

Трансфузиялық тізбектің ашықтығын арттыру, реципиентте донорлық қан өнімдерін пайдаланудың салдарын зерделеу мақсатында қан орталығы мен емдеу медициналық ұйымы арасындағы неғұрлым тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету қазіргі заманғы қан қызметі қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Трансплантология саласындағы соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктер қан қызметі жұмысындағы процессинг және дін жасушалары банкін жасау, ағзалар мен тіндерді транспланттау жөніндегі операцияларды зертханалық сүйемелдеу деген жаңа бағытты ашады.

2022 жылғы 15 тамызда “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті2022 жылдың 17 тамызында “ҮМЗ” АҚ оқу орталығында қан доноры күні өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33