Тромбоциттерді жеке іріктеу

Тромбоциттерді жеке іріктеу

Тромбоциттер– бұл қанның ұю процесіне қатысатын жасушалар, олардың негізгі қызметі қан тамырларының тұтастығын қамтамасыз ету және қан кетуді тоқтату болып табылады.

Бұл жасушалар әдетте тромбоциттер саны төмен немесе тромбоциттер дисфункциясы бар науқастарға құйылады.

Донорлық тромбоциттерді  құю соңғы жылдары қан жүйесінің ісіктерін, аплазиялық анемияны, сүйек кемігін трансплантациялауды бағдарламалық терапияның міндетті шарты болды. Донорлық тромбоциттерді құюдың “қорғауымен” қарқынды химиотерапия курстары жүргізіледі және бұрын мүмкін емес қуыстық операциялар жасалады.  Пациенттер қанның осы компонентін құюдан кейін де қалыпты мәндерге және тромбоциттердің тұрақты санына жете алмайды. Мұның себебі антиденелер өндірісі арқылы ағзаның иммундық реакциясы болуы мүмкін. Антиденелер пациентке құйылған донорлық тромбоциттердің бұзылуына әкеледі. Көбінесе бұл құбылыс осы қан компоненттерін бірнеше рет құюдан өткен науқастарда байқалады.

Пациентте тромбоциттер антигендеріне антиденелер болған кезде тромбоциттерді жеке іріктеу тағайындалады, онда АВ0 жүйесі (эритроциттерде орналасқан антигендер)  бойынша пациент пен донордың қанының сәйкестігі ғана емес, сонымен қатар HLA жүйесі (лейкоциттерде орналасқан тіндік үйлесімділік антигендері) бойынша да ескеріледі.

HLA жүйесінде 150 – ден астам антиген бар (салыстыру үшін АВ0-2 антиген жүйесі). Сондықтан антиденелері жоқ пациенттерге,  антигендері бар донорды табу өте қиын, алайда табуда мүмкін.

Тромбоциттерді іріктеу «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы»  ШЖҚ КМК базасында тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасында 3 кезеңде өтеді:

  1. Науқаста HLA антиденелерінің пайызы мен ерекшелігін анықтау.
  2. Науқас пен донордағы HLA фенотипін анықтау.
  3. Пациенттің сарысуы мен донордың қанынан бөлінген лимфоциттерді біріктіретін «Кросс-матч» үлгісін қою.

Тромбоциттерді жеке іріктеуді жүргізудегі зертханалық зерттеулердің барлық күрделілігін ескере отырып, біз донорлардан тромбоциттер донорлығынан бас тартпауды сұраймыз, өйткені сіз науқастың өмірін сақтай алатын жалғыз адамсыз!

Донорға алғыс«Бүркіт төбе» алаңында жыл сайынғы халықаралық “Шығыс Салбұрыны”фестивалі өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33