Тунгатова Калима Нуксынкановна

Тунгатова Калима Нуксынкановна

Қазіргі әлемде кейбір кәсіптер жойылып -оларды компьютерлер немесе машиналар алмастыруда. Дегенмен, әрқашан болған және әрқашан болатын мамандықтар бар. Олардың бірі-медбике.

Тунғатова Қалима Нуксынқанқызы өзінің кәсіби қызметін 2006 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығымен байланыстырды және он жеті жыл бойы функционалды қамтамасыз ету бөлімінде медбике болып жұмыс істеп келеді. Бұл бөлімше донорлардан қан дайындаумен тікелей байланысты емес, ол ұйымның медициналық құрылымдық бөлімшелерін қан дайындау, қан компоненттерін өндіру үшін барлық қажетті таза және стерильді медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Қалима Нұқсынқанқызы кәсіби еңбегі үшін 2019 жылы бөлімшенің аға медбикесі лауазымына тағайындалды. Жұмыс барысында ол бірнеше рет кәсіби шеберлігі мен мамандыққа берілгендігі үшін грамоталармен марапатталды.

Қалима Нұқсынқанқызының еңбек міндеттеріне кіші медициналық персоналдың жұмысын бақылау; қан орталығының құрылымдық бөлімшелерін таза, стерильді медициналық мақсаттағы бұйымдармен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің қызметін ұйымдастыру, қатысу және бақылау кіреді. Қалима Нұқсынқанқызы лауазымдық міндеттерін адал атқаратын жауапты қызметкер.

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күніМедицина қызметкерлері күніне арналған спартакиада

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33