Туған күніңізбен, Кендиржанов Нуржан Ермекович!
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы атынан қан және оның компоненттерінің доноры — Нуржан Ермекович туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің әрдайым көмекке дайын болуыңыз, бейжай қарамайтын жүрегіңіз бен мейірімділігіңіз — нағыз адамгершіліктің үлгісі. Сіздің әрбір донорлық қан тапсыруыңыз дәл сол сәтте көмекке мұқтаж жанның өмірін сақтап қалуға қосқан зор үлесіңіз.
Тегін қан донорлығын қолдап, көп жылдар бойы көрсетіп келе жатқан қолдауыңыз, кең жүрегіңіз бен жанашырлығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке, бақыт, күш-қуат және өміріңізде қуанышты сәттердің көп болуын тілейміз!
Сіздің өзгелерге жасаған жақсылығыңыз өзіңізге еселеніп қайтсын!
Туған күніңізбен! Өміріңіз ұзақ, бақытты әрі игі істерге толы болсын!


