Туған күніңіз құтты болсын, Ержан Нұрмұхаметұлы!

Туған күніңіз құтты болсын, Ержан Нұрмұхаметұлы!

Бүгін біздің тұрақты донорымыз Тұрғамбаев Ержан Нұрмұхаметұлының туған күні! Ержан Нұрмұхаметұлы Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында мейіргер болып қызмет атқарады.

Ержан Нұрмұхаметұлы, Сіз медицина саласында күн сайын адам денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілікпен еңбек етіп қана қоймай, өзіңіз де қан доноры атанып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келесіз. Бұл – кәсіби парыз бен адамгершіліктің тамаша үйлесімі.

Донорлық – жүректен шығатын ізгілік. Сіздің әрбір қан тапсыруыңыз біреуге үміт, біреуге күш, ал кей жағдайда біреуге өмір сыйлауға себеп болады. Осындай игі іске тұрақты түрде үлес қосып жүргеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, жан тыныштығын, еңбегіңізге толағай табыс және әр күніңізге қуаныш тілейміз! Жақсылық жасап, адам өміріне араша болып жүрген жүрегіңізден мейірім мен жылулық ешқашан кетпесін!

Туған күніңізбен, құрметті Ержан Нұрмұхаметұлы! Әрдайым абырой биігінен көрініп, жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіз!

Қайырымдылық эстафетасы жалғасуда!(RU) С днём рождения, Наталья Михайловна!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33