Тұмау! Алдын алу!

Тұмау! Алдын алу!

2023 жылғы 02 қазанда «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да тұмаудың алдын алу бойынша семинар өтті. Семинарды «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ және «ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті» ММ ұйымдастырды. Семинарға облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қатысты.

ТҰМАУ – жалпы интоксикация құбылыстарымен және тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін вирустық этиологияның жедел респираторлық ауруы.
Тұмау бүкіл әлемде жиі кездеседі және кез келген жас тобындағы кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін. Тұмау жаһандық деңгейде кең таралған.

Тұмау вирусы негізінен жоғары қауіпті топтар арасында ауруханаға жатқызуға және өлімге әкелуі мүмкін (жас балалар, жүкті әйелдер, қарттар немесе созылмалы науқастар). Ауадағы тұмау вирусы беттерде бірнеше сағат бойы – 4 күнге дейін өміршеңдік пен жұқпалы қасиеттерді сақтайды. Вирус әртүрлі химиялық топтардың дезинфекциялық құралдарына, ультракүлгін сәулеленуге, жоғары температураға өте сезімтал.

Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы есік тұтқалары, телефон мен үстелдер сияқты беттерде адамға жұқтыру мүмкіндігімен 2-8 сағатқа дейін өмір сүре алады.

Құрметті шығысқазақстандықтар адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болуға тырысыңыз және жұмыстан, қоғамдық орындардан, көшеден келгеннен кейін бетіңізді, қолыңызды, мұрныңызды жуып-шаю өте маңызды! Сіздің денсаулығыңыз тек сіздің қолыңызда екенін біліңіз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Авторы: Мустафина М.А.

Донорлық тромбоциттер кімге керек?Бақылау кеңесінің оң шешімдері

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33