Қызықты әлем – «Қан орталығы»

Қызықты әлем – «Қан орталығы»

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ШҚОҚО) 2023 жылғы 03 наурызда «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Зертханалық диагностика» факультетінің студенттері үшін қызықты экскурсия өткізді. 20 студент донорлық қанды жинау және өңдеу үдерісімен танысты.

Облыстық қан орталығымен танысу бірінші қабаттың холында басталды, донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Кулиманова Сандуғаш студенттерге донорлық туралы және оның пациенттерді емдеуге қосқан зор үлесі жайында айтып берді. Тіркеу бөлімінде студенттер донорларды тіркеудің күрделі жүйесі, әртүрлі жұқпалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ әлі 18 жасқа толмаған адамдарға қан тапсыруға мүмкіндік бермейтін бағдарламаның сенімділігі туралы білді.

Тіркеуден кейін студенттер екінші қабатқа «Донордың ізімен» көтерілді. Әр кезеңде белгілі бір бағыттарға жауап беретін қан орталығының қызметкерлері экскурсия жетекшісінің рөлін өз мойнына алып, балаларға көптеген нәрселер туралы, мысалы, қанның әртүрлі компоненттері қандай мақсатта және қалай қабылданатыны, ШҚОҚО-ның әртүрлі залдары мен кабинеттерінде орналасқан қандай да бір аппараттар не үшін қажет екендігі туралы айтып берді. Осылайша, біздің болашақ әріптестеріміз облыстық қан орталығының жұмысы туралы толық түсінік алды. Балалар барлық медициналық манипуляцияларды анық көрді, өйткені ШҚОҚО әдеттегідей жұмыс істеді және сол күні қан мен оның компоненттерін тапсыруға келген донорлар болды.

Студенттерге экскурсия танымдық және қызықты болды, сонымен қатар, олар қан орталығының күнделікті жұмыс күнімен таныс болды.

Оқытушылар мен студенттерге өтеусіз қан тапсыруды қолдағаны үшін үлкен рахмет!

Хабарлама №7«Ал, кәнекей қыздар!» атты ұранмен өткен дәстүрлі донорлық акция

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33