Біз неғұрлым көп берсек, соғұрлым бақытты боламыз!
Донорлық-бұл сөзсіз игі іс. Адам саналы түрде біреудің өмірін сақтап қалу үшін донор болады.
2023 жылғы 14 ақпанында «5518 Әскери бөлімі» РММ әскери қызметшілері өз бөлімінде «Игі іс жаса-қан бер!» атты ұранмен донорлық акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты-қан тапсыру, сол арқылы ШҚОҚО-дағы қан компоненттерінің қорларын толықтыру және олардың басқа адамдардың өміріне бей-жай қарамайтындығын көрсету. Бұл күні науқанға 40 тан астам әскери қызметші қатысты. Қиын жұмыс күндеріне қарамастан, әскери қызметкерлер қан тапсыруға уақыт тапты.
«Мейірімділік адамдарды бақытты етеді. Олар айтқандай, мейірімділік пен бақыт – бір монетаның екі жағы. Біз неғұрлым көп берсек, соғұрлым бақытты боламыз.Осылайша, бақыт бізге бумерангпен оралады. Осы күнде біз облыстық қан орталығы жалғыз емес екенін көрсеткіміз келді, және Біз, жауынгерлер, қанға мұқтаж науқастарды қолдауға әрқашан дайынбыз», – деп атап өтті 5518 ӘБ әскери қызметшілері. Осындай игілікті іс жасап жүрген біздің ержүрек, батыл және мықты әскери қызметшілерімізге алғыс айтамыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!