«Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК донор күні
2023 жылғы 22 және 23 тамызда «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК әкімшілігінің қызметкерлері игі іс жасады. Біреу үшін донорлық өмір салтына айналса, ал біреу кейінірек үлкен донорлық қозғалыстың бір бөлігі болу үшін, алғаш рет донорлар қатарына қосылды.
Донор күні – игі істер мен ересектердің мағыналы іс-әрекеттерінің нағыз мерекесі. “Донорларға деген қажеттілік әрқашан өте жоғары. Қан компоненттері – плазма және эритроциттер-хирургиялық оталарда, жарақаттарды, күйіктерді, ауыр онкогематологиялық ауруларды және т. б. емдеу үшін қолданылады. Қан тапсыру-өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын және әлеуметтік жауапты азаматтардың игі әрекеті. Донорлық қансыз кейде адамның өмірін сақтап қалу мүмкін емес. Біздің жер шарымыздың әрбір үшінші тұрғынына кем дегенде бір рет қан құю қажет болады. Сондықтан донорлардың көмегі баға жетпес!” – деп атап өтті облыстық аурухананың медицина қызметкерлері.
ШҚО-да донорлықты қолдағаны үшін “Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы” ШЖҚ КМК бас дәрігері Буркутов Ерлан Төлеуғазыұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Құрметті әріптестер, науқастарға қан тапсырғандарыңыз үшін көп рахмет! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!