Шығыс Қазақстан облысында ерікті донорлықты дамыту

Шығыс Қазақстан облысында ерікті донорлықты дамыту

Бүгін, 2024-2026 жылдарға арналған қан қызметін дамыту жөніндегі Жол
картасының жоспарлы іс-шаралары аясында Қасым Қайсенов атындағы 68303 АБ
құтқару батальонында ерікті өтеусіз қан донорлығын насихаттауға бағытталған
ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті.
Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы ұйымдастырды.
Дәрісті аға фельдшер Акентьева Елена Геннадьевна және халықты қан
донорлығына үгіттеу жөніндегі маман Мустафина Мира Ақылбековна өткізді.
Кездесуге қатысушылар донорлықтың маңыздылығы, оның қоғам үшін және
донордың өзі үшін пайдасы, сондай-ақ қан тапсырудың шарттары мен тәртібі
туралы маңызды ақпарат алды.
Әскери қызметшілерге осындай маңызды тақырыпқа белсенді қатысқаны және
қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз!
Донорлық-бұл өмірді сақтап қалу мүмкіндігі. Қосылыңыз!
Неліктен қан тапсыру аралығын сақтау маңызды?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33