ШҚО-ның 40-тан астам тұрғыны ГДЖ донорлығына қадам жасады

ШҚО-ның 40-тан астам тұрғыны ГДЖ донорлығына қадам жасады

2026 жылғы 15 және 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында гемопоэздік
дің жасушаларының (ГДЖ) әлеуетті донорларын тартуға бағытталған акция өтті.
Екі күн ішінде Шығыс Қазақстан тұрғындары қан орталығына келіп, гемопоэздік дің
жасушаларының (ГДЖ) донорлығы туралы толық ақпарат алды және болашақта трансплантация
қажет болуы мүмкін пациенттің өмірін сақтап қалуға қатысудың алғашқы қадамын жасады.
Акция қорытындысы бойынша
40-тан астам адам ГДЖ әлеуетті донорларының тізіліміне
қосылды. Әрбір толтырылған сауалнаманың артында белгілі бір сәтте өзгенің қиын жағдайына
бейжай қарамай, генетикалық сәйкестік қана байланыстыруы мүмкін пациентке көмек көрсетуге
дайын адам тұр.
Гемопоэздік дің жасушалары (ГДЖ) қан түзілу жүйесі мен иммундық жүйенің қалпына
келуінде маңызды рөл атқарады. ГДЖ трансплантациясы бірқатар ауыр ауруларды емдеуде
қолданылады Бұл үдерістегі негізгі кезеңдердің бірі – сәйкес донорды табу. Тізілімде әлеуетті
донорлар саны негұрлым көп болса, пациентке генетикалық тұрғыдан сәйкес донорды табу
мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Манызды жайт тізілімге қосылу – жасушаларды тікелей донорлыкқа беру дегенді
білдірмейді. Алдымен адам тізілімге енгізу үшін қажетті рәсімдерден өтеді. Тек нақты пациентпен
генетикалық сәйкестік анықталған жағдайда ғана мамандар әлеуетті донормен байланысып, алдағы
кезеңдер туралы толық ақпарат береді.
Сондықтан тізілімге қосылу туралы шешімнің маңызы зор. Адам өзінің көмегі нақты кімге
кажет болатынын білмейді, алайда бір күні өзіне сәйкес донорды күтетін пациентке қолдау
көрсетуге дайын екенін алдын ала білдіреді.
Акцияға қатысып, осы маңызды қадамды жасаған Шығыс Қазақстанның барлық
тұрғындарына алғысымызды білдіреміз.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — басты назардаҚыркүйек айының үшінші жексенбісі – гемопоэздік дің жасушалары донорлары күні!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33