ШҚО ТЖД №7 өрт сөндіру бөлімінде Донор күні

ШҚО ТЖД №7 өрт сөндіру бөлімінде Донор күні

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өртке қарсы қызметінің
қызметкерлері №7 өрт сөндіру бөліміне жиналып, қан компоненттерін құюды
қажет ететін науқастарға көмек көрсету үшін қан тапсырды.Олар осылайша
адам өмірін тек өрт пен төтенше жағдайларда ғана емес, қан доноры болу
арқылы да құтқаруға болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Күн сайын бұл батыл жандар қиын жағдайға тап болған адамдарға
көмекке келеді. Қолдау, батылдық пен табандылық қажет болған сәтте олар
алғашқылардың бірі болып оқиға орнына аттанады.Алайда бүгінгі көмектері
ерекше болды – үнсіз, бірақ аса маңызды. Қан тапсыру арқылы өрт сөндіру
бөлімінің қызметкерлері күн сайын қан мен оның компоненттерін құюды
қажет ететін науқастарға өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.
Өрт сөндірушілер адам өмірінің қадірін өзгелерден артық біледі.
Сондықтан олар қызметте де, донорлық креслода да әрдайым көмек қолын созуға дайын.Олардың бұл әрекеті – нағыз ерліктің, мейірімділіктің және
жоғары азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісі.
ШҚО ТЖД ұжымына донорлық қозғалысқа белсенді қатысқаны,
жанашырлығы мен бейжай қарамағаны үшін шынайы алғысымызды
білдіреміз. Осындай жандардың арқасында әлемде мейірім, үміт және
құтқарылған өмірлер саны арта түсуде.

Құрметті донорымыз Курманбаев Серик Муратович!Құрбан айт

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33