Тіл – халықтың жаны

Тіл – халықтың жаны

Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли

Тіл – халықтың жаны. Әр ұлт ана тілі мен дәстүрі арқылы ғана өз мұратына жетеді.

Елімізде бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан бірнеше ұлт өкілдерінің салт – дәстүрі мен тіліне деген құрмет көрсетуде. Осындай тамаша мерекенің құрметіне орай «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты ашық сабақ өткізілді.

Мақсаты – мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрін зерттеу.

Сабақ барысы ШҚОҚО қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраның орындаумен басталды.

Қызметкерлер қазақ ақындарының тіл тақырыбындағы өлеңдері мен «Тіл» туралы мақал – мәтелдерді жатқа айтып, қазақ тілінде, патриоттық әндер орындады.

Хаттама №3Алғыс айту

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33